Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті

13 Қаңтар 2024, 19:32
648
Бөлісу:
Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті
Фото: видеодан кадр

Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы