Абай облысында 15 инспектор жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.

 instagram/turkistan_polisia 14 Мамыр 2025 2025, 13:54
14 Мамыр 2025 2025, 13:54
1004
Фото: instagram/turkistan_polisia

Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

Наверх