Абай облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

10 Сәуір 2025, 08:56
960
Бөлісу:
Абай облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, 10 сәуірге қараған түні Маканчи ауылының тұрғыны Маканчи аудандық полиция бөліміне жүгініп, 2011 жылы туған ұлы Қайратұлы Қайсардың жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Әкесінің айтуынша, 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында ұлы жасыл түсті электрлі самокатпен үйінен шығып, еркін күрес секциясына қатысу үшін спорт модульге бет алған. Сол уақыттан бері қайда жүргені белгісіз.

Жасөспірімді іздестіру жұмыстары бірден басталды. Маканчи аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу топтары құрылды. Іздеу жұмыстарына мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен әкімдік өкілдері де қатысуда. Егер Қайратұлы Қайсардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз, - деп хабарлады полициядан.

Өзгелердің жаңалығы