Абай облысында 10 гектар аумақтағы шөпті өртеген адам табылды

Бір күн бұрын 101 пультіне Жарма ауданында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Артём Чурсинов  -архив 27 Тамыз 2024 2024, 22:53
27 Тамыз 2024 2024, 22:53
1119
Фото: -архив

Бір күн бұрын 101 пультіне Жарма ауданында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта 10 гектар аумақта құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт тез арада толық жойылып, өрттің себебі анықталып, кінәлі адам табылды, - делінген министрліктің хабарламасында.

Дала алқаптарында ұшқын өшіргішсіз автотракторлық техниканы пайдаланған кінәлі тракторшы, 1968 жылы туған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Наверх