Абай облысы Көкпекті ауданындағы жағдай күрделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.
Сағат 13: 15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйелдер мен балаларды, эвакуациялады.
Жарма ауданының әкімдігі "Жол болсын" кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды.
Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.
Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес.
Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада.
Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді. Сенім телефоны ашылды: 8 7222 35-38-31.
Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған.