Абай облысы Көкпекті ауданында қамыс өртенді

2 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыстың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

 ТЖМ баспасөз қызметі 3 Шілде 2023 2023, 07:37
3 Шілде 2023 2023, 07:37
1140
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

2 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыстың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты.

Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектарды құрайды. Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Наверх