Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді

Кеше, 19:25
288
Бөлісу:
Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің "Шығыс" түраралық оқу-жаттығу полигонында инженерлік-саперлік полктің әскери қызметшілері жарылыс жұмыстарының алгоритмдерін тәжірибеде алғаш рет пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен тәжірибелі нұсқаушылар жас жауынгерлерге қауіпсіздік ережелері мен оларды өткізу ерекшеліктерін жеткізді.

Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді

Жақсы теориялық дайындық – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі. Тәжірибелік бөлімнің алдында әрбір сапер жауынгерлік жарылғыш заттардың жіктелуін, дайындау тәсілдері мен олардың құрамдас бөліктерін пән бойынша зерделеді, – деп түсіндірді инженерлік-саперлік батальон командирі майор Қуатбек Мәулетқажин.

Жарылыс жұмыстары отпен және электрлік тәсілмен жүргізілді. 54770 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жасұлан Нүсіпжан практикалық сабақтар туралы өз әсерімен бөлісті.

Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді

 Мен екі айдан астам уақыт қызмет етіп келемім. Бүгін жарылыс жұмыстарын жүргізудегі алғашқы тәжірибені алдым. Мұқият дайындықтың арқасында бәрі жақсы өтті. Іс жүзінде командирлеріміздің нұсқауларын орындаудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім, – деді ол.

Қауіпті кәсіп өкілдерінің жауынгерлік оқуы жалғасуда. Болашақта бөлімшелер құрамында сарбаздар әртүрлі инженерлік оқ-дәрілерді орнату, түрлі конструкциялардың элементтерін жою немесе бұзу үшін есептоптар жасау ережелерін игеруге кіріседі.

Өзгелердің жаңалығы