Абай-175: Абайды жаңаша зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды

9 Сәуір 2020, 20:50
1146
Бөлісу:
Абай-175: Абайды жаңаша зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық академиялық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және рухани мұра» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Конференцияда ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы және ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, абайтануды жаңаша ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері талқыға салынды.
 

Шараға жазушы, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңестің мүшесі Ақбар Мәжіт, жазушы, драматург және аудармашы Анатолий Ким, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан университетінің профессоры Абдуакап Кара, Анкара Кажы Байрам Вели университетінің профессоры Гүлжанат Құрманғалиева, Сегед университетінің профессоры Раушангүл Мұқышева, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы, жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай және шетелдегі белгілі ғалымдары қатысты, - делінген ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Онлайн-конференция Zoom.us. платформасында қазақ және орыс тілдерінде өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы