Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандыру ережесін бұзған 1700-ден астам ақмолалық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында 1700-ден астам заңды және жеке тұлғалар абаттандыру ережелерін бұзды.
Абаттандыру ережелерін сақтау – қала үшін өзекті мәселелердің бірі. Жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға учаскелік инспекторлар қала тұрғындарына, ұйым иелеріне, жеке кәсіпкерлерге, ПИК-ке қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша аулаларды аралау барысында жүгінеді.
Учаскелік инспекторлар мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері кәсіпорындардың, дүкендердің иелерімен және жеке үйлердің иелерімен жұмыс жүргізеді, түсіндіреді, ескертеді және хабарландыру береді. Осы жылдың басынан бастап қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын қатты тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі габаритті қоқыстардан уақытылы және тиісінше жинамағаны үшін Ақмола облысының аумағында 1 766-дан астам субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың бір бөлігі ескертілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғады, қаланың тұрғын шетінде құрылыс қоқыстарын түсіруге жол берген жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 20 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.