Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттар лигасының С дивизиондағы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы матч аяқталды, деп хабарлады qazaqsporty.kz.
Бұл ойында Магомед Адиев шәкірттері жеңіске жетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған. Үзіліске дейін гол соғылмаса да, қонақтар ширақ көрінген.
Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Байтананың орнына Рамазан Оразовты шығарған. Осыдан кейін ойын түрленіп сала берді. Айналдырған 10 минуттың ішінде шабуылшы Абат Айымбетов дубль жасады.
Осылайша отандастарымыз Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. Енді ұлттық құрама 6 маусым күні сырт алаңда Словакиямен кездеседі.
Қазақстан – Әзербайжан – 2:0
Голдар: Айымбетов, 50 (1:0). Айымбетов, 61 (2:0).
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Елдос Ахметов (Сергей Малый, 79), Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (К) (Жарынбетов, 85), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (Исламбек Қуат, 73), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов, 46), Абат Айымбетов (Артр Шушеначев, 79);
Әзербайжан: Шахруддин Магомедалиев (Қ) – Азер Салахлы, Ходжат Хагверди, Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов (Торал Байрамов, 79), Максим Медведев (К) – Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (Дмитрий Назаров, 79), Алексей Исаев ( Анатолий Нуриев, 68), Махир Эмрели (Рамиль Шейдаев), Ренат Дадашов (Намик Алескеров, 68);