Абақтыда жатып терроризмді насихаттаған

8 Қазан 2019, 09:33
1235
Бөлісу:
Абақтыда жатып терроризмді насихаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың ақпан айында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыдан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар тәркіленген болатын, деп мәлімдейді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сәуір айында тағы бір сотталушыдан осы тектес парақтар айғақ зат ретінде алынған.

«Тергеу амалдарын жүргізу барысында деструктивті діни ағымын ұстанатын екі сотталушы өз айналасындағы қамаудағы адамдарға терроризмді насихаттағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, олардың қылмыстары толығымен дәлелденді. Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы