Абай-175: "Абай жолының" мажар тіліндегі нұсқасы шықты

30 Қаңтар 2020, 15:36
2431
Бөлісу:
Абай-175: "Абай жолының" мажар тіліндегі нұсқасы шықты
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қаңтарда Будапештте ҚР елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді.

Сонымен қатар, "Әлем таныған Абай" кітап-иллюстративті көрмесі мен "Абай әлемі" фотокөрмесі ұйымдастырылды.    

5e31e3c7123bf.jpg


 

Мажарстан мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы бастаған абайтанушылар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп жүрген мажарлық студенттер қатысқан іс-шара Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі өкілдігінің ғимаратында өтті.    

5e31e6a0ed8d2.jpg


 

Өз сөзінде елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында саяси-экономикалық қарым-қатынастар ғана дамып қоймай, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды ілгерілеп келе жатқанын, атап айтқанда Будапештте Абай Құнанбайұлының ескерткіші бар екенін атап өтті.   

Мажар тарапынан Мажарстан премьер-министрінің кеңесшісі, мажарлық Пен-Клуб президенті Г.Сёч сөз алып, әлемдік мәдени мұраға үлесін қосқан Абайдың еңбегінің терең пәлсапалық ойларына тоқталды.  

5e31e62e07b72.jpg


 

Сонымен қатар, Қазақстан мен Мажарстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді.    

Іс-шара барысында мажар тілінде М.Әуезовтің "Абай жолы" кітабының тұсаукесері болды.    

5e31e3c713531.jpg


 

Іс-шарадан кейін Будапешт қаласында орталық парктегі Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды.    

Қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақстандық және мажарлық студенттер Абайдың өлеңдері қара сөздерін оқып, әндерін орындады.  

Өзгелердің жаңалығы