Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ел тұрғындарының мекен-жай анықмасын алу үшін әлі де халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жүргенін мәлім етті.
Отырыста министр Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік қызметтерді электоранды форматқа ауысудың маңызын түсіндірді. Оның пікірінше, елімізді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді өте маңызды.«Өйткені өткен жылдың өзінде ХҚКО арқылы 10 млн-нан астам адамға мекен-жай анықтамалары берілген. Алайда электронды үкімет порталы арқылы электронды-цифлы қолтаңбамен-ақ немесе смартфондағы Telegram ботты пайдалану жүйесімен алуға болады. Бірақ халық әлі де сол анықтаманы алу үшін ХҚКО-ға келіп жүр», - деді Дәурен Абаев.