Абаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы қалай мерекеленетінін айтты

15 Сәуір 2022, 16:36
1626
Бөлісу:
Абаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы қалай мерекеленетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтты.

Абаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу 3 бағыт бойынша өткізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Алғашқы ұйымдастыру дайындық жұмыстары Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған бірегей логотип әзірлеп, өңірлерге жолдадық. Оған қоса Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге арналған ақпараттық-имидждік роликтер, мерекелік монеталар, тегін үйлестіретін жалаушлар, елдің белгішелері әзірленетін болады. Барлық өңір бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастыру көзделген, - деді Абаев. 

Министр атағандай, 4 маусым күні елорда уақытымен сағат 10:00-де Мемлекеттік гимн орындалады. 

Қалалар мен сауда орталықтарында, адам көп шоғырланған жерлер мен қала, аудан орталықтары, теле-радио арналарында орындалады деп ойлаймыз. Сонымен қатар елорда, Шымкент, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында «Жаңа Қазақстан-Жаңа толқын» атты патриоттық флешмоб өткізу жоспарланған, - деді Абаев. 

Сондай-ақ министр мерекелеу аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер өтетінін айтты.

4 маусымда Мемлекет басшысының қатысуымен елордада «Көк тудың желбірегені» атты  патриоттық форум өтеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы