Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Шығыс Еуропа аудандарынан келетін антициклонның ықпалында болады. Оның әсерінен тек Шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.