Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бұл жыл басынан бергі үшінші үшем.
Ұл мен екі қызды кесарь тілігін жасау арқылы босандырып алған. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.
Балалардың анасы Меңліхан Сейіталиева 38 жастағы Түпқараған ауданының тұрғыны. Меңліханның үшемнен бөлек екі ұлы мен бір қызы бар.
Үшемнің әрқайсысының салмағы екі келіден артық. Жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келген.
Күйеуім екеуіміз үшем болады дегенде алғашқыда абдырап қалдық, бірақ қатты қуандық. Бұл Алланың берген үлкен сыйы. Үшемге Зарина, Алина және Әлихан деп ат қойдық, - деді анасы.