Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов мәлімдеді.
Ертең ел ішіне ұшатын соңғы "Ақтау-Көкшетау-Ақтау" әуе рейсі ұшырылады. Үкіметтік комиссияның қаулысы бойынша енді тек жүк тасымалдайтын ұшақтарды қабылдай аламыз және әскери ұшақтар ұшуы мүмкін. Олар мемлекеттің тапсырмасымен ұшады, – деді Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов.
Директордың айтуынша, барлық ұшақ жолаушыларын арнайы киім киген эпидемиолог мамандар қарсы алып, тепловизормен тексеріліп жатыр. Жолаушылардың тізімі алынып, оның қайдан, қашан отырғаны жазылып алынды.
Айте кетейік, 27 наурыз күні Ақтау әуежайында барлық халықаралық әуе рейстері тоқтатылған болатын.