Ақтөбенің емдеу мекемелері 93 млн теңгеге шығындалды

30 Мамыр 2019, 21:11
2054
Бөлісу:
Ақтөбенің емдеу мекемелері 93 млн теңгеге шығындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 93 млн теңгеге кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Емдеу-диагностикалық шарасынан ауытқу, медициналық қызметтің бағасын негізсіз көтеру, емханада тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеу, көрсетілген медициналық қызметтің расталмауы, медицианалық құжатты сапасыз рәсімдеу – мониторинг барысында айыппұл ықпалшараларына әкелетін осындай негізгі кемшіліктер анықталды», - делінген Қор филиалының хабарламасында.

Осылайша, толық стационарлық және күндізгі стационарлық көмек көрсететін емдеу мекемелері 55 млн теңгеге бәрінен көп кемшіліктерді жіберді. Мониторинг нәтижесінде ауылдағы емдеу мекемелері 18 млн теңгеге, ал емханалық көмек көрсететін ұйымдар 13 млн теңгеге кемшіліктер жіберді.

«Мониторинг дегеніміз – бұл халыққа көрсетілген медициналық көмектің көлемі мен сапасына баға беру. Қарапайым сөзбен айтқанда, Қор Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына, диагностика мен емдеудің хаттамасына сәйкес емдеу деректерін тексереді. Егер қателіктер анықталса, онда емдеу мекемесіне айыппұл салынады. Өрескел бұзушылықтар белгілі болып жатса, онда деректер бақылаушы мен құқық қорғау органдарына жіберіледі», - деп түсіндірді мониторинг бөлімінің жетекшісі Гүлзада Түлкібаева.

Қор сарапшылары Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы және бекітілген жоспарға сәйкес медицина мекемесіне бару арқылы мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, жоспарлы мониторингтен бөлек, пациенттердің шағымы мен арызы негізінде жоспардан тыс мониторинг те өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы