Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хондродистрофия дертіне шалдыққандықтан, туа бітті аяқ-қолы қысқа Нарқыз Исимова Ақтөбе қаласының ең кішкентай тұрғыны болғанына қарамастан, студент атанды, деп хабарлады aktobenews.kz.
Бала кезден заңгер болуды армандаған түлектің тілегі орындалған. І топтағы мүгедектігі бар Нарқыз Исимоваға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры заң факультетіне оқу грантын табыстады.
«Жұбанов университеті Қазақстандағы 56 жоғары оқу орындарының ішінде 4-орында. Жаңа оқу жылында университет студенттерінің саны 16 мыңнан асты. Барлық студенттерімізді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Әрқашан үздік болыңыздар»,- деді университет ректоры Бауыржан Ердембеков.
Биыл 5 мың түлек аталмыш университеттің студенті атанған. Оның 180 — і «Алтын белгі» иегері, 100 үздік студент халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері, 1400-ге жуық студент облыс әкімінің және мемлекеттік грант иегерлері.