Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын Ақтөбе облысы полиция бөліміне бірнеше, оның ішінде 10 рет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғындары жүгінуде.
Ақтөбе қаласының жедел уәкілдері ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасында бола отырып, адамдарды алдауды тоқтатпаған алаяқты анықтады.
"Қалалық ЖШС-тердің бірінің коммерциялық басшысы бола тұра, сенімге кіріп, дуал үшін металл қақпалар дайындау сылтауымен жергілікті тұрғындардың біріне тиесілі 860 мың теңге сомасында ақшаны жымқырған. Бір ай бұрын, дәл сол алаяқ сенімге кіріп, апта сайын 35 мың теңгеге автокөліктерді жалға алу және кейіннен сатып алу сылтауымен, екі ВАЗ-2109 және ВАЗ-21102 автокөліктерін иемденген, сондай-ақ қаланың құрылыс дүкендерінің бірінде төмен бағамен эко блоктарын сатып алуға жәрдем көрсету сылтауымен сенімге кіріп, алдау жолымен Ақтөбе қаласының тұрғынына тиесілі 1 235 000 теңгені жымқырған", - делінген таратылған хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарға сатып алу және коммерциялық мәмілелер кезінде сақ болуға, алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға ескертеді.