Ақтөбелік дәрігерлер Гиннесс рекордтар кітабына кірді

8 Қаңтар 2019, 16:45
1680
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Гиннесс рекордтар кітабының комиссиясы бір сағаттың ішінде 4270 тұрғынның қысымын өлшеген ақтөбелік дәрігерлердің рекордын растады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бапасөз қызметі мәлімдеді. 

 «Гиннесс рекорды орнағаны жөнінде ресми растаманы алдық. Біз мұны ұзақ күттік. Акцияға қатысқан әрбір дәрігерге алғыс айтамыз. Мұндай ауқымдағы шара алғаш рет өткізіліп отыр. Денсаулық паркінде өткен шараға 4000 астам адам жиналды. Біз бұл акция арқылы халықтың назарын күретамыр гипертониясы мәселесіне аударғымыз келді», - деді департамент басшысы Әсет Қалиев. 

 2018 жылдың маусымында өткен ауқымды акцияға 4270 адам қатысты. Бір сағат ішінде 500 дәрігер 18-бен 60 жас аралығындағы ақтөбеліктердің күретамырлы қан қысымын өлшеп, оларға мәліметтерді айтып, сәйкес ұсыныстарды көрсетті. Акцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

Шарадан кейін облыстық денсаулық сақтау департаменті осы оқиғаны Гиннесс рекордтар кітабына енгізу өтінімін жіберген. 

 Еске сала кетсек, дәл мұндай рекорд 2015 жылы Үндістанда тіркелген болатын. Ол кезде дәрігерлер бір сағаттың ішінде 3600 адамның қан қысымын өлшеген.
Өзгелердің жаңалығы