Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 10 қазан күні Заречный-3 елді мекеніндегі дүкеннің жанында кәмелетке толмаған балалар арасында төбелес болған.
Оқи отырыңыз:
Төбелес кезінде бір бала көз жұмып, қалған екеуі пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағының 1,7,9,14 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.Тергеу жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабы негізінде 14 жасқа толған балалар қылмыс жасаған уақытта заң алдында жауап береді, 99-бап ("Кісі өлтіру"), 106-бап ("Денсаулыққа ауыр түрде нұқсан келтіру"), және 279-бап бойынша ("Жалған ақпарат берген жағдайда және басқа да ауыр қылмыс жасаған кезде") жауапқа тартылады.