Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде көпқабатты үйлердің аулалары жарықтандырыла бастады. Бұл жұмыс алдағы екі жылда шешілуі тиіс, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Қала әкімі Мавр Абдуллин тілшілермен бірге он айдың қорытындысын жасау үшін бірнеше нысанды аралады. Алдымен 12 ықшам ауданындағы жол салу жұмысын қарады. Мұнда 423 метр жолды салуға, кеңейтуге, суағар жүргізуге 68 миллион теңге жұмсалған. Алдығы уақытта қаладағы жолдар осы үлгімен қалыпқа келтіріледі. Сонымен қатар қала көшелерін жарықтандыру жайы айтылды.
Жарықтандыру жеткіліксіз. Биыл көшелердегі 1100 шам ауыстырылды. Мәселен, 12 ықшам ауданында ауланың барлығына жарық жүргізілді. Енді 11 ықшам ауданда дәл осындай жұмыс жалғасады. Инвесторлар шақырып, Ақтөбеден шағын цех ашу жоспарланды. Жарықтандыруға қажетті құрал-жабдықтың бәрі жергілікті жерде шығарылса, жұмыс тиімді болады, - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.