Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 1 миллион түп көшет егілген кезде технологиясы мүлде сақталмағанын айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
«Көшет егу кезінде ешқандай техология сақталмаған. Мәселен, бір жыл бұрын жер жыртылып, топырағы дайындалуы тиіс еді. Топырақ қабатты зерттелмеген, климатқа сай келмейтін көшеттер отырғызылған. Тіпті кейбір көшеттер уақытынан кеш егілген. Біз уақытында ескерту берген едік, бірақ олар бәрін өз бетінше істеді», - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Қылышбаев.
Енді Ақтөбе облысының әкімдігі аумағы 3 мың га болатын жасыл аймақтың жобасын дайындап жатыр. Жұмыс келер жылы басталуы мүмкін.
Бұған дейін Ақтөбеде1 миллион түп көшет қурап қалғаны туралы жазған болатынбыз.