Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен екі күн бойы жасөсіпірімдер арасындағы ерте жүктілік, оның салдары, психологиялық кеңестер мен алкоголизм тақырыбында тренингтер өтті.
Оқи отырыңыз:
Жасөспірімдер арасында белең алған темекі шегу мен нашақорлыққа қатысты бірқатар кеңес айтылып, жаттығулар жасалды. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне психологиялық ықпал ету жолдары, инклюзивті білім беру, шылым шегу, нашақорлық тақырыптары да қамтылды.
Аталған шара ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде «бала және денсаулық» жобасының аясында ұйымдастырылды.