Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы кеше қала әкімі Мавр Абдуллин зағиптар қоғамымен кездескенде мәлімдеді. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
Қала әкімінен бөлек, зағиптармен облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ербол Данағұлов және облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев та кездесті.
«Өткен кездесуде жаңа ғимарат туралы әңгіме қозғадыңыздар. Бір жерде мәдениет үйі де, кітапхананың болғанын қаладыңыздар. Сіздерге лайық ғимарат іздестіріліп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс істейміз», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.
Басқарма басшысы Ербол Данағұловтың сөзінше, облыста 860 мың адам тұрса, соның 20 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Соның ішінде 1200 зағип бар екен.
«Сіздерге арнайы құрал-жабдық пен шипажайға жолдама беруде бірқатар ақаулар пайда болды. Соның барлығы осы аптада дұрысталады. Бұл мамандардың қателігі емес, бұл мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты болды», - деді Ербол Данағұлов.
Ал мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев зағиптар кітапханасының әбден тозғанын айтты. Ол да жаңа ғимарат қарастыру керектігін құптады.