Ақтөбеде ТЖ режимін бұзудың жүзден аса дерегі тіркелді

4 Сәуір 2020, 18:51
1167
Бөлісу:
Ақтөбеде ТЖ режимін бұзудың жүзден аса дерегі тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ТЖ режимін бұзудың 111 дерегі анықталды.  Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

ТЖ режимі енгізілгенен Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 111 фактісінің жолын кесті, оның ішінде 14 факті бойынша қамауға алынды, 58 жағдай бойынша айыппұл салынды, 8 адам ескерту алды, 26 материал сотқа жіберілді,-делінген хабраламада. 

111 фактінің ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің476-бап бойынша 101 фактісі, 478-бабы бойынша 10 факті анықталды.

Мысалы, Алға ауданында жергілікті тұрғын әкімшілік қамауға алынды. Қарақұдық ауылының тұрғыны WhatsApp  мессенджерінің чатында ауыл тұрғындарының арасында шындыққа сай келмейтін ақпарат таратқан. Аталған тәртіп бұзғаны үшін 3 сәуір күні ол 478-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулік мерзімге қамауға алынды. 

Негізінен тәртіп бұзушылар дүкен иелері болып табылады, олар белгіленген мерзімнен кеш жұмыс істейді (20-00 с), және дүкеншілері ТЖ режимін сақтамаған,яғни маска кимеген.
Өзгелердің жаңалығы