Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Мавр Абдуллин «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болған отбасыларға пәтер кілттерін табыстады. Бұл турал аktobenews.kz сайтында хабарланды.
«Үкімет Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік санатқа кірген отбасылардың 4,6 млрд теңге көлемінде несиелерін жауып берді. Соның ішінде 3,6 млрд теңге Ақтөбе қаласының тұрғындарына тиесілі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» секілді тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Міне, сіздер де пәтер иелері атанасыздар. Қиындықтардың барлығы артта қалсын, жаңа қоныстарыңыз жайлы болсын!», - деп шаһар басшысы келген отбасыларды құттықтады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының тұрғындары «Бақытты отбасы» бағдарламасына белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 530 несиелік өтінімді қабылдап, оның 382 өтініміне оң шешім шықты.