Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қоқыс шығару көлігінің жүргізушісі түзеу мекемесіне смартфонды жасырын алып кірмек болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекемесінің қызметкерлері және Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінің қызметшілері түзеу мекемесіне 2 смартфон және оның қуаттағышын жасырын кіргізбек болған көлік жүргізушісін ұстады.Тыйым салынған заттар қоқыс шығару мақсатында түзету орнына кірмек болған "КамАЗ" автокөлігінің салонында жасырылған.
Көлік жүргізушісі ұялы телефондарды сотталғандарға пайдалануға бермек болған.Тәркілеу актісі жасалып, заттар зерттеуге жіберілді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық Кодекстің 481-бабы бойынша Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына құжат жіберілді, - делінген хабарламада.