Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камераға полицейлердің ұсталған адамды ұрып жатқаны түсіп қалған.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Видеода көріп отырғанымыздай полицейлер ер адамның қолына кісен салып сүйреп, ішінен, басынан тебеді.
Ақтөбе облысы полиция департаментінде хабарлағандай, оқиға қалалық полиция бөлімінде болған.
24 қарашада Ақтөбе облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінде.
Полиция бөлімінің ғимаратына 1992 және 1995 жылғы жігіттер бұзақылық әрекеттері үшін жеткізілген.