Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртеніп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндірулер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.Келеңсіз жағдай "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ территориясында болды. Аумағы 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Барлығы 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілді. Зардап шеккен адам жоқ, - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, көлемі 3 текше метр мұнай қалдықтарына арналған резервуардағы өрт сағат 19:45 шамасында пайда болған. Резервуарда мұнай және су болған.