Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мисс Ақтөбе 2019 атағын 22 жастағы Гүлбану Абишева жеңіп алды. Бұл туралы Bnews.kz. сайты жазды.
Ақтөбе қаласында дәстүрлі түрде жылда болатын «Мисс Ақтөбе 2019» сұлулық конкурсы өтті. Өнер орталығының залы фанаттар мен конкурсқа қатысқан бойжеткендердің туыстарымен толы болады. Бұл жылғы сайыс Ақтөбенің 150 жылдығына арналды. Қаланың ең сұлу бойжеткені атағын иелену үшін 25 қыз бақ сынасты. Олардың барлығы екі этаптан тұратын кастингіден өткен. Конкурсқа қатысатын қыздарды жүздеген бойжеткендердің арасынан іріктеп алды.
«Бұл конкурстың критерийлері өзгермеген: бойжеткеннің бойы 167 см жоғары, ал салмағы 55 кг дейін болуы керек», - дейді Модельдік агенттіктің директоры Гүлжайна Бимурза.
Конкурс 4 этаптан тұрды: «визитка», костюмдарды киіп дефиле көрсету және сәнді көйлекпен сахнаға шығу.
Ең соңғы кезең көрермендердің аса қызығушылығын туындатты. Әдемі көйлек киген қыздар Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің курсанттарымен бірге шықты.
Жарты сағат бойы әділқазылар алқасы тәж кімге бұйыратынын талқылады. Бұл оңай болмағаны анық.
Дауыс беру нәтижелері бойынша үшінші вице-мисс Ақтөбе 2019 атағын Майра Серікова, екінші вице-мисс Ақтөбе 2019 атағын - Севинч Ханкишиева және бірінші вице-мисс Ақтөбе 2019 атағын Аяжан Смаилова иеленді. Ал конкурстың басты призі – тәжді және Мисс Ақтөбе 2019 атағын Гүлбану Абишева жеңіп алды.
22 жастағы сұлу бойжеткен былтыр логист дипломын алған екен.