Ақтөбеде алты орында құрбандық шалынады

5 Тамыз 2019, 21:56
1911
Бөлісу:
Ақтөбеде алты орында құрбандық шалынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Құрбан айт мерекесі кезінде діни рәсім қала аумағына қарасты арнайы мал соятын бес орында өткізіледі. Бұл туралды аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Қала мешіт маңдарында құрбандық шалынбайды. Ақтөбе қаласының әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындарды бекітіп отыр.

"Діни рәсім мал базары аумағына қарасты «Есік», «Молдабеков» орындарында және Жаңақоныс ауылы мен 41-ші разьездге маңында орналасқан «Айбек», «Қасымов» құрбан шалу пункттерінде өтеді. Одан бөлек Заречный ауылындағы «Кіші құм» қожалығында да рәсім өтеді деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мал шалу тек айт намазы оқылған сәттен кейін басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылдың құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы