Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қаланың орталығына енді сауда дүңгіршектеріне жер телімі берілмеймінін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Қаланың Әбілқайыр хан даңғылында қазір тамақ, гүл сататын шағын дүңгіршектер көп. Алдағы уақытта аялдама павильондары да кәсіпкерлерге берілетін болды.
«Ақтөбе қаласы бойынша сәулетшілерді жинап, көшеде кеңес өткізген болатынбыз. Қазір кәсіпкерлер қала көшелерінен сауда павильондарына жер сұрап отыр. Бәрінен бас тарттық. Себебі Кеңес одағы ыдыраған кезде тұрғын үй мен жолдың арасына дүкен салынып, көбейіп кетті. Олардың бәрін тазарттық, жойылды. Егер тағы да жер беретін болсақ, бұрынғы жағдайға қайта келеміз. Орталық көшеден жер берілмейді деп келісімге келдік», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.Дегенмен жаңа аудандарда халыққа қызмет көрсететін сауда орындарына жер беріледі.