Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста балалардың қатысуымен бoлатын жол көлік оқиғалары 52 процентке артты, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Облыста жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін 3 мыңнан аса жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылса, белгіленбеген жерден өткен 13 мыңнан аса жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғалары 52 пайызға өскен. Дене жарақатын алу 57 пайызға көбейсе, бала қазасы екі есеге артқан. Осыған байланыста сараптама жүргізілді. Қала орталығында үш бала қаза тапты. Бәрі де жаз мезгілінде болды. Өңірде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбеюіне байланысты апта сайын профилактикалық шаралар өткізіп отырмыз",- дейді Жергілік полиция қызметі басшысының орынбасары Айдос Құлжанов.Ата-аналармен кездесу өткізген полиция басшылары балаларға сақ болу керектігін ескертеді.
Облыс бойынша жол көлік оқиғалары жиі тіркелетін орындар бар. Жазатайым жағдайға жол бермес үшін трассаларларға полиция қызметкерлері қойылып жатыр. Жол көлік оқиғаларының көпшілігі түңгі 3 пен таңғы 5-ке дейінгі аралықта болады. Қатты жүретіндер көп",- дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.