Ақтөбе облысында "Браконьер" шарасы өтті

11 Қаңтар 2020, 17:24
2430
Бөлісу:
Ақтөбе облысында "Браконьер" шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында республикалық "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.


Шараның үш күні ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 98 фактісі анықталды. Оның ішінде балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін - 27, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін - 53, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін - 18 фактісі тіркелді.
 
Мысалы, осы жылдың 2 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық полиция бөліміне "Охотзоопром" инспекторынан хабар келіп түсті. Оның айтуынша, Ырғыз ауданының аумағында Ырғыз ауылынан 300 км қашықтықта, Жайсаңбай ауылдық округінің маңайындағы "Атаншы" қыстауынан шамамен 200 метр қашықтықта кесілген мүйізі бар ақбөкеннің кішкентайы табылды, - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облысының 45 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Айғақты зат ретінде ақбөкеннің терілері, аяқтары, сондай-ақ ұсталған адамға тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен құжаттары жоқ, жүк салғышының нөмірі соғылған "Land Cruiser-80" маркалы автокөлігі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 3-тармағы "Заңсыз аң аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
   

Өзгелердің жаңалығы