Ақтөбе облысы әкімінің 100 гранты қандай мамандықтарға беріледі?

29 Шілде 2019, 22:33
3472
Бөлісу:
Ақтөбе облысы әкімінің 100 гранты қандай мамандықтарға беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі аптадан бастап үкімет тарапынан және облыс әкімінің атынан берілетін гранттарға құжаттар қабылданады. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Жоғарғы оқу орындарына ниеттеніп мемлекттік білім грантына ілінбеген талапкерлер тағы да бақтарын сынай алады. Биыл тегін оқуға үкімет тарапынан арнайы бес мың және облыс әкімінің атынан жүз грант бөлініп отыр. Аталмыш екі конкурсқа құжаттар 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Бұл жеңілдіктер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектерге тиесілі.

Облыс әкімінің атынан берілетін жүз гранттың отызы педагогика, тағы бір отызы медицина саласына бөлінсе, қалғаны басқа салаларға берілмек. Оның ішінде ветеринарияға он бір, өнерге тоғыз, құрылыс саласына бес, агрономияға бес, мал шаруашылығына үш грант бөлінеді.

«Облыс әкімінің гранты үшін ұйымдастырылатын байқауға ҰБТ-дан шектеулі бал алған барлық санаттағы үміткерлер қатыса алады. Талапкерлердің балдары тең болған жағдайда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған үміткерлерге, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, «Алтын белгі» иегерлеріне, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне басымдық беріледі», - дейді Гүлбарам Есенқызы.

Өзгелердің жаңалығы