Ақтөбе өңірінде ветеринариялық пунктер саны артады

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. </p> <p> &nbsp; </p>

10 Қыркүйек 2019 2019, 05:58
АВТОР
 10 Қыркүйек 2019 2019, 05:58
10 Қыркүйек 2019 2019, 05:58
2689

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұловты және ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазинді қабылдады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин, ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев қатысты.

Басқосуда комитет төрағасы мал, жан-жануарлар арасындағы сарып (бруцеллез) ауруына қатысты көрсеткішке тоқталды. Өткен жылдармен салыстырғанда республика көлемінде сондай-ақ, Ақтөбе өңірінде жағдай тұрақты, аталған аурудың көрсеткіші төмендеген.

Сонымен қатар, Арман Өтеғұлов Ақтөбе облысында медпункттердің санын арттырып, мал дәрігерлерінің жалақысын көбейту керектігін айтты.

Аймақ басшысы аталған мәселелерді шешу бойынша орынбасары Аманғали Бердалинге нақты тапсырмалар жүктеп, қажетті қаражат бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Наверх