Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Aventura Technologies деген компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, IT саласында қызмет ететін алып компания Қытайдан импортталған бақылау жүйелері мен бағдарламалық жасақтамаларды заңсыз сатумен айналысқан.Белгілі болғандай, бұл құрылғылар әскери базалар мен кемелерде пайдаланылады. Тергеу барысында Қытай тауарлары 13 жыл бойы "АҚШ-та жасалған" деп сатылғаны анықталды.
Қазір компанияның 7 қызметкеріне қатысты айып тағылып отыр.