Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында ғана елде 20,5 млн америкалық жұмысынан айырылған.
Сәуір айында ғана АҚШ-та 20,5 млн америкалық жұмысынан айырылған. Сәйкесінше, елдегі жұмыссыздық деңгейі наурыз айындағы 4,4%-бен салыстырғанда, рекордтық көрсеткішке 14,7%-ға артқан. Бұл туралы елдің Еңбек министрлігі хабарлады, деп жазды korrespondent.net.
Сарапшылар коронавирус пандемиясы салдарынан орташа есеппен 22 млн жұмыс орыны қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 16%-ға дейін көтеріледі, деп күткен. Ал, "The Wall Street Journal" мәліметі бойынша, бірінші көрсеткіш - 21,5 млн, екіншісі - 16% болады деп болжанған.
Наурыз айында жұмыс орындарының саны бұған дейін хабарланғандай, 701 мыңға емес, 870 мыңға қысқарды. Алайда, ақпан айында елдегі жұмыссыздық деңгейі соңғы 50 жылда - 3,5%-дық шекті деңгейде сақталған еді.
Бұл бұрын рекордтық қарқынмен өскен компаниялар үшін өте қиын жағдай, - деп атап өтті ZipRecruiter сайтындағы жұмысқа орналастыру жөніндегі экономист Джулия Поллак.
Өткен айда денсаулық сақтау саласындағы жұмыс орындарының қысқару фактісі 1,4 миллион болса, қонақ үйлер мен мейрамханалар 7,6 млн, бөлшек сауда дүкендері 2,1 млн, өндірістік кәсіпорындар 1,33 млн, құрылыс компаниялары 1 млн-ға жуық қызметкерді жұмыстан қысқартқан.
Ал, жеке сектордағы жұмыс орындарының саны 19,52 миллионға, мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының саны 980 мың адамға төмендеді.
Айта кету керек, негізінен, жұмыстан жалақысы төмен қызметкерлер қысқартылған.