АҚШ-та індет жұқтырғандар саны 900 мыңнан асты

26 Сәуір 2020, 12:43
1441
Бөлісу:
АҚШ-та індет жұқтырғандар саны 900 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та қауіпті инфекцияны 939 053 адам жұқтырып, 53 789 адам қайтыс болды. 100 721 адам сауығып кетті, деп жазды kp.ru сайты.

АҚШ ауруханаларындағы ең басты мәселе орын жетіспеушілігі, қорғаныс құралдарының тапшылығы тағы бар. Алкоголь өндіру фабрикалары антисептик шығарып көмектесуде. Атақты америкалықтар ақшалай көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауда.

Нью-Йоркте инфекциядан 17 126 адам қайтыс болған. Тіпті медициналық мекемелерде мобильді мәйітханалар орналастырылған. Билік инфекцияның таралуын тоқтату үшін қатаң шараларға көшті. Қала мэрі қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулауды бұзушыларды байқаған сәтте бірден полиция қызметкерлеріне хабарлауға шақырды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар тобы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын сотқа берген.

Ал Дональд Трамп болса, карантиннен шығу жоспарын ұсынды. Бірінші кезеңде америкалықтар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кино мен мейрамханаларға бара алады. Егер осыдан кейін аурудың жаңа жағдайлары тіркелмесе, онда штат тұрғындары 50 адамнан тұратын топтарға жинала алады. Содан кейін ғана тұрғындар қарапайым өмірге оралып, барлық жабық компаниялар мен мекемелердің жұмысы іске қосылады.

Кеше бір тәулік ішінде АҚШ-та екі мыңға жуық адам қайтыс болды.



Өзгелердің жаңалығы