АҚШ-та 69 көлік соқтығысты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Вирджиния штатында 69 көлік ірі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, деп жазды Хабар24.</h4>

23 Желтоқсан 2019 2019, 12:46
АВТОР
 23 Желтоқсан 2019 2019, 12:46
23 Желтоқсан 2019 2019, 12:46
5753

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Вирджиния штатында 69 көлік ірі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, деп жазды Хабар24.

Оқиға Ричмонд қаласынан ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болды. Көктайғақ пен тұман салдарынан көліктер бір-біріне тізбекпен соғылған.

51 адам жарақат алды, олардың 11-ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің біразы Риверсайд аймақтық медициналық орталығына жіберілді.


Наверх