Алматы, BAQ.KZ. АҚШ Қытай билігін Ираннан мұнай жеткізуін тоқтатуға күш салады. Бұл жайында АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин жексенбі күні Fox News телеранасына берген сұхатында айтты.
Оның айтуынша, Иран мұнайының 70% Қытайға экспортталады. Тегеран одан түскен қаржыны Таяу шығыстағы лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға бөлетін көрінеді.Сондай-ақ, ол Вашингтон салған санкциялардан кейін Иран мұнайының сатылымдағы үлесі 95% қысқарғанын жеткізді.
Мнучин сөз арасында Америка билігі Қытай үкіметінен ирандық мұнайдан түбегейлі бас тарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.
Қытай мемлекеттік компанияларының барлығын мұнай сатып алудан шектеді. Біз қалған мұнай операцияларын да тоқтату үшін олармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз, - деді министр.2 желтоқсан күні Иран билігі АҚШ санкцияларына қарамастан мұнайын экспортқа шығарып жатқанын жеткізді. 12 қаңтар күні АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтон Иранды экономикалық және дипломатиялық тұрғыдан да оқшаулайтынын мәлімдеді.