Алматы, BAQ.KZ. АҚШ әскерилерді алмастыру аясында 500-ден астам әскерін Литваға жіберуге әзір. Бұл туралы Балтық Республикасының Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні мәлім етті, деп жазды Синьхуа агенттігі.
Қорғаныцс министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, НАТО мүшесі болып келетін батальон қазан айында Литваның шығыс жақ қапталына келіп, келесі жылдың көктеміне дейін осы елде болады.Сонымен қатар, Литва шығысына жеке жасақпен қоса, 30 Абрамс танкісі, 70 Брэдли машинасы жеткізілетіні де айтылған.
Соңғы бес жылда әскери алмастыру келісімі аясында Литваға он шақты рет америкалық әскерилер келген, соңғы рет олар 2017 жылы келіпті.