Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Телеграм-арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады, - делінген хабарламада.Барша ұсыныс-тілектер aqparatqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Министр поштаға келген ұсыныстар міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескерілетінін айтты.