Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігі антициклон шегінде болғандықтан, жауын-шашынды болмайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Түнде Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде - тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 18 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл және Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында, кей жерлерде желдің жылдамдығы 18 м/с.
Алматыдағы ауа-райы, күндіз 6 ° ашық, күн ашық.
Нур Султандағы ауа райы болжамы, күндіз -1 °, аздап бұлтты.