Ақмолада вирус жұқтырған 19 адам індеттен көз жұмған кісімен байланыста болған

6 Сәуір 2020, 20:52
1674
Бөлісу:
Ақмолада вирус жұқтырған 19 адам індеттен көз жұмған кісімен байланыста болған

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында соңғы тәулікте 19 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы 2 сәуір күні осы індеттен көз жұмған пациентпен байланыста болғандар. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Соңғы деректерге қарағанда өңірде коронавирус дертіне шалдығудың 42 жағдайы тіркеліп отыр. Соның ішінде 2 адам індеттен көз жұмды.

6 сәуір күні қауіпті инфекция бірден 19 адамнан расталып отыр. Індетке шалдыққандардың барлығы 2 сәуір күні қаза болған Целиноград ауданының 1947 жылғы тұрғынымен байланыста болған. Індетке қарсы санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Контактіде болған 216 адам анықталды. Оның 19-ында коронавирусқа алынған талдау оң нәтижені көрсетті, - деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сүлен Ілиясов.

Қазіргі уақытта диагнозы анықталған пациенттер Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонологиялық орталығы мен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне жатқызылуда. Індетке шалдыққандардың ең үлкені 87-дегі зейнеткер, ең жасы 36-да.

Осылайша, облыс бойынша Целиноград ауданында - 35, Аршалы ауданында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Көкшетау қаласында 1 жағдай тіркелді. Провизорлық стационарда - 90 пациент, карантиндік стационарда - 312 адам, үй карантинінде 737 адам бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы