Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, 22 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында 22 тамызда таңертең және күндіз тұман күтіледі.
22-23 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болжамына байланысты кей жерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.