Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысындағы бірқатар жол барлық автокөлік түрлеріне жабық

5 Ақпан 2019, 09:13
2526
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің аймақтық филиалының мәліметінше, бүгін таңертең Көкшетау-Петропавл, Көкшетау-Астана және Атбасар-Астана бағытындағы тасжолдарға уақытша шектеу қойылған. Қазір өңірде секундына шамамен 20 метр жылдамдықпен қатты жел соғып тұр. Ал алдағы күндері облыс көлемінде -43-45 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы