Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді

8 Қазан 2019, 00:41
2362
Бөлісу:
Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығын қызметтік міндетін атқарудан шеттетті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Департамент бастығының орынбасары А.Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы С.Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатуына байланысты Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Б.Билялов атқарып отырған лауазымынан босату туралы рапорт берді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқару ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймұрзинге жүктелді.

Еске салсақ, Ақмола облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен бірлесіп ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша полиция полковниктері А.Е. Садуов және С.К. Жұмалинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар құқықбұзушылықтарды жыл бойы жалғастырып келгені анықталған.




Өзгелердің жаңалығы